Ақпарат » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
январь
2022

Ақпарат

      Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінгі Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде ел басына түскен сынақ себептеріне тоқтала отырып және оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін, бәсекелестікке білімді азаматтардың ғана қабілетті болатындығын атап өтті.
Білім беру саласына да жауапкершіліктерге толы міндеттер жүктеді. Соның бірі «Біз мектептерді материалдық базасы жағынан қанша жасақтағанымызбен, сапалы білім беруге қол жеткізетін білімді де білікті мұғалімдер екенін, қалай дегенмен де мектептің жүрегі талантты ұстаздар қауымына қолдау көрсету екеніне» ерекше тоқталды.
     Жалпы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі Үндеуі өте өзекті мәселелерді қамтыды. Сондықтан өзім еңбек етіп жатқан білім беру саласындағы әріптестеріме, барша қауымға Президенттің Үндеуін қолдауға және оны асқан жауапкершілікпен жүзеге асыруға атсалысуға шақырамын. Мемлекет басшысы межелеп берген бағытты нық ұстап, экономикамызды жақсарту жолында жұмылған жұдырықтай жинақы жұмыс істеуіміз қажет.
Ақкөл орта мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Еселбай Айна Серікбайқызы 

Похожие публикации:

01 сентябрь 2021 Іс шаралар
15 декабрь 2020 Мерекелік іс - шара