Мектеп кітапханаcы » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп кітапханаcы
"Кітаптар әлемінде" тақырыбындағы іс-шара
02
ноябрь
2023
"Кітаптар әлемінде" тақырыбындағы іс-шара
Ақкөл орта мектебінің 3-5-сынып оқушылары "Кітаптар әлемінде" тақырыбындағы іс-шараға Ақкөл ауылының орталық кітапханасына саяхат жасады. Іс-шараның мақсаты: кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, кітапты күтіп ұстауға үйрету. Сондай-ақ саяхат барысында оқушылар кітапханадағы ертегі кітаптарымен танысты. Оқушыларға өздері қалаған уақытта келіп кітапхананың сиқырлы қазыналарын пайдалануға болатынын айтылды. Кітапқа және
Жазушы драматург Оралхан Бөкей туғанына 80 жыл толуына орай “Алтайдың асқақ жыршысы-Оралхан Бөкей” атты танымдық шара.
28
октябрь
2023
Жазушы драматург Оралхан Бөкей туғанына 80 жыл толуына орай “Алтайдың
Мектеп кітапханашысы Л.Андасбаеваның ұйымдастыруымен жазушы драматург Оралхан Бөкей туғанына 80 жыл толуына орай “Алтайдың асқақ жыршысы-Оралхан Бөкей” атты танымдық шара  өткізілді.         Мақсаты: Оралхан Бөкейдің өмірі мен еңбектері жөңіндегі оқушылардың білімін тереңдету және талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оралхан Бөкейдің шығармашылығынан үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу.
"Тәуелсіздік тұғырым" атты көрме
15
декабрь
2022
"Тәуелсіздік тұғырым" атты көрме
Тәуелсіздік күніне орай  мектеп кітапханасында Л.Андасбаеваның ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік тұғырым" атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: өскелең ұрпаққа бостандық, теңдік, Тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту.Тәуелсіздік қасиетті ұғым екендігіне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке 31 жылда қалай жеткендігі жолдарын баяндауы. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге,қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа,
«Оқулықтар күні» Кітап көрмесі.
30
ноябрь
2022
«Оқулықтар күні» Кітап көрмесі.
30.11.22ж "Бастауыш" пән бірлестігінің 2-ші күнінде мектеп кітапханашысы Л.Аңдаспаева және бастауыш пәні мұғалімдері  «Оқулықтар күні» Кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: " Балаларды кітап оқуға баулу. Қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттерді бала бойына кітап оқу арқылы дамыту . Кітап көрмесіне МАД, 1-4 сынып оқушылары қатысты.
"Қазақтан шыққан ұшқыш батыр"
28
апрель
2022
"Қазақтан шыққан ұшқыш батыр"
       Талғат Бигелдинов - қазақ ұландарына Отан қорғаудың өшпейтін өнегелі ізін қалдырған батыр. Ол көк жүзінде қаһарман ерліктердің ерекше үлгісін көрсеткен аты аңызға айналған айтулы тұлға. Мектеп кітапханасында Т. Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толуына орай, "Қазақтан шыққан ұшқыш батыр" тақырыбында бұрыш жасалынды. Мақсаты: Елін, жерін қорғаған батырларды құрметтеуге және олардың ерлігін мақтаныш етуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.