Хабарландыру! » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хабарландыру!
27
июль
2022

Хабарландыру!

     Қымбатты жылы жүректі, мейірімді жандар! Ауыл азаматтары! 
   Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған Республикалық "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз. Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" ұранымен өткізіледі.
     Мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу.
Қайырымдылық - қадірлі іс! Ең бастысы мейірімді жүрегің,таза ниетің болсын.
Демеушілік жасаймыз деген азаматтарға тәрбие жұмысының орынбасары Асылбекова Рауия, телефоны: 87771231594, және әлеуметтік педагог Калыбаева Айнашқа, телефоны: 87053664980 хабарласуларыңызды сұраймыз.
Баршаңызды "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз! Акцияға қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!