Іс шара
"Ақкөл орта мектебі МДШО" МКМ-де "Мен сүйіп оқитын кітаптар" атты тақырыпта кітапханашы Л.Андасбаеваның ұйымдастыруымен кітап көрмесі өткізілді. Мақсаты: Бала бойында адамгершілік, имандылық тәрбиені қалыптастыру, мейірімділікке, сүйіспеншілікке баулу. Кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, кітап оқуға ынталандыру арқылы шығармашыл, әлеуметтік бейімделген жеке тұлғаны дамытуға жол ашу, кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.