Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
февраль
2022

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

    Азаматтық қорғаныс - бейбіт азаматтарды қорғау үшін құрылған арнайы құрылым. Уақыт өте келе бұл ұйымның міндеттері бір шама кеңейтілді. Қазір ол соғыс кезінде халықты қорғау мен ғана емес, табиғи, техногендік және басқа да апаттар кезінде азаматтарды құтқарумен де айналысады.
    1 наурызды Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні деп жариялау туралы шешім 1990 жылы ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 9-сессиясында қабылданды."Осы іс - шара аясында жыл сайын 1 наурызда осы жаңа мереке - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өту туралы шешім қабылданды. Бұл мереке Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының 1972 жылдың 1 наурызына орайластырылған. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні жыл сайын жаңа ұранмен өткізіледі. 
     Ағымдағы жылы мереке «Азаматтық қорғаныс және апаттар мен дағдарыстар кезінде жер аударылған адамдармен жұмыс, еріктілердің рөлі және пандемиялармен күрес» ұранымен өтеді. "ҚР ТЖМ еліміздің балалары мен қазіргі жастары арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға үлкен мән береді. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында, мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде және басқа да оқу орындарында арнайы сабақтар өткізіледі, ойындар, жарыстар, конкурстар ұйымдастырылады, олардың барысында қатысушылар өзін – өзі қорғаудың қажетті дағдыларын игереді, әртүрлі дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде өзін қалай құтқаруды және басқаларды құтқаруды үйренеді".




Похожие публикации:

27 январь 2022 Оқушыларға
22 сентябрь 2021 Іс шаралар
30 май 2021 Іс шара
28 март 2021 Іс шара