"Ертегілер елінде" » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
июнь
2022

"Ертегілер елінде"

Бүгін Ақкөл орта мектебінде лагердің 1-кезеңінің  "Тарихи мәдени күн" бағыты бойынша балаларға халқымыздың ұлттық тарихымен таныстыратын "Ертегілер елінде" атты тақырыпта мультфильмдер көрсетілді
Мақсаты: оқушыларға тарихи ұлттық ертегілерді есте сақтауға, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге тәрбиелеу
Міндеті: тарихи ұлттық мультфильмдердегі тұлғалармен таныстыру, олардың өмірінен үлгі алуға, ізгілікке, жақсы іс жасауға, жамандықтан қашуға, табанды, төзімді болуға, спортты сүюге тәрбиелеу
Мазмұны: Оқушыларға ұлтымыздың жақсылық пен жамандық туралы мультфильмі көрсетілгеннен кейін ұлттық тарихымызда ізі қалған атамыз , күрестен әлем чемпионы Қажымұқан туралы мультфильм көрсетілді. Мультфильмнен кейін балалар өздерінің спортты сүйетінін, Қажымұқан аталарындай мықты, батыр, чемпион болатындарын, өздері таңдаған спорт түрлерін атап айтып, өз пікірлерін ортаға салды. Тәрбиешілер Нагашбаева Нұрила апай мен Орынбетова Мереке апай да өз тараптарынан жамандықтан аулақ болуға, айнала ортаға жақсылық жасап, ізетті болуға шақырды. Оқушылар соңынан өздері жақсы көретін спорттық ойындар ойнады.