«Бала құқығы-адам құқығы» » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
июнь
2022

«Бала құқығы-адам құқығы»

«Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында өткен кездесу  туралы
АНЫҚТАМА
   2022 жылы 9 маусым күні «2022 жыл-Балалар жылы»  және  «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы аясында  Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде студенттерге адам құқығы, оның ішінде бала құқығы  жөнінде түсініктерін кеңейту,  кәмелетке толмаған студенттер арасында  құқық бұзушылық және  зорлық-зомбылықтың алдын алу, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында Балқаш АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция подполковнигі Садырбаева Ойлан Аскербековна және ЖПҚБ ЮПТ УПИ  полиция капитаны Раушанов Қайнар Мұхитұлының қатысуымен «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында  директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Сланбекова «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады» тақырыбында  баяндама оқыды. Балқаш АПБ  ЖПҚБ  ЮПТ аға УПИ полиция подполковнигі О.А. Садырбаева және ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Қ.М. Раушанов студенттерге  бала құқығы туралы және жазғы демалыс кезіндегі суда, су объектілерінде, жолда жүріс-тұрыс қауіпсіздік ережелері туралы  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізді және кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы заңдарымен, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодексінің  127, 435, 442, 448  баптарымен таныстырды.