Мұғалімдер жетістіктері
Республикалық Edulife. kz ұстаздарға арналған онлайн әдістемелік сайты 21 - 22 қазан күндері педагогика пәні бойынша І Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасын ұйымдастырды. Осы сайысқа мектебіміздің ұстаздары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Республика ұстаздарының үздік үштігіне 40 / 40 балл жинаған физика пәнінің мұғалімі К.Сарсенбаева еніп, заттай сыйлықпен марапатталды. Ұстаздарымызға алар асулары биік болсын деген тілекпен, жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!