Жетістіктеріміз » Страница 2 » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Білім кілті-бастауышта"  апталық
09
декабрь
2022
"Білім кілті-бастауышта" апталық
Педагогикалық қабілеттерімен балалардың шеберлігін шыңдау, оқушы белсенділігін арттыра отырып, білім беру процесінде бәсекеге қабілетті, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсатында әдістемелік жоспарға сәйкес "Білім кілті-бастауышта" тақырыбында бастауыш сынып пәні мұғалімдерінің онкүндігінің қорытынды кеші болып  өтті. Қорытынды кеште әр түрлі   тарсырмалармен сергіту сәттері орындалып, он күн бойы іс- шараға белсене қатысқан сынып, оқушылар марапатталды.
Көкжиде орта мектебінде  “Ұшқыр ой" алаңында.
22
ноябрь
2022
Көкжиде орта мектебінде “Ұшқыр ой" алаңында.
Балқаш ауданды  бойынша білімді дамыту оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Көкжиде орта мектебінде  “Ұшқыр ой" алаңында талқылау жоғары деңгейде өтті. Төрешілердің шешімі бойынша мектебіміздің  9- сынып оқушылары  Маратқызы Ақжан мен Тілеулес Мирас  аудандық  дебат сайысына жолдама алды.
"Каникулда кітап оқиық"
16
ноябрь
2022
"Каникулда кітап оқиық"
2022-жылдың 1-10 қараша аралығында 2-11  сыныптардың  оқушыларына арналған республикалық "Білім шыңы" сайтының ұйымдастыруымен  "Каникулда кітап оқиық" марафоны өтті.  Марафонға  4-сынып оқушылары қатысып, сертификатталса, ата-аналар Алғыс хатпен марапатталды.  Барлық оқушылар бірінші кезеңінен өтті. 2022-жылдың 10-15 қараша аралығында өткен екінші кезеңінің кітап оқу марафонында оқушылар  "Ең көп кітап оқитын оқушы" номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, 1-2-3 дәрежелі дипломдармен, ал сынып
"Ең үздік медиатор " байқауы
13
октябрь
2022
"Ең үздік медиатор " байқауы
Аудандық "Ең үздік медиатор " байқауына мектебіміздің оқушылары Алмабайқызы Жансая мен Маратқызы Ақжан қатысып, "Үздік қорғаушы " номинациясымен марапатталды. Жетекшісі:Р.Асылбекова Құттықтаймыз!
Баскетболдан 2009-2010 жылғы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Алматы облысының чемпионаты
12
октябрь
2022
Баскетболдан 2009-2010 жылғы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар
Баскетболдан 2009-2010 жылғы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Алматы облысының чемпионатында  мектебіміздің 8-сынып оқушысы Бауыржанұлы Әлімжан аудандық құрама командада ойнап, ІІ орынды иеленді.
«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы»  аудандық байқауы
11
октябрь
2022
«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» аудандық байқауы
10 қазан 2022 ж.«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы»  тақырыбында өткен аудандық байқауға 8-сынып оқушысы Алмазқызы Сымбат  қатысып, II-орын иегері атанды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Барлыбекова А.К
"Қайшыбай Әбіләкімұлын" еске алуға арналған шағын футболдан ашық аудандық турнир
29
апрель
2022
"Қайшыбай Әбіләкімұлын" еске алуға арналған шағын футболдан ашық
    Мектеп оқушылары арасында " Қайшыбай Әбіләкімұлын" еске алуға арналған шағын футболдан ашық аудандық турнир өткізілді. Турнир нәтижесі бойынша І орынды Береке орта мектебі,  ІІ орынды Ақкөл орта мектебі,  ІІІ орынды Топар орта мектебі иеленді. Жарыс нәтижесі бойынша жеңген командалар мен қатысқан командаларға Әбіләкімов Асхат Қайшыбайұлының демеушілігімен кубок, медаль, мақтау қағаздары, статуеткалар және заттай сыйлықтар табыс етілді.    
7-8 сыныптарға арналған жаратылыстану - математикалық бағыттардағы пәндер бойынша Республикалық Жасөспірімдер олимпиаданың аудандық кезеңі
20
апрель
2022
7-8 сыныптарға арналған жаратылыстану - математикалық бағыттардағы
    5-сәуір күні Ақдала орта мектеп базасында 7-8 сыныптарға арналған жаратылыстану - математикалық бағыттардағы пәндер бойынша Республикалық Жасөспірімдер олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Нәтижесінде 7-сынып оқушысы Айдынқызы Айзере биологиядан ІІІ орын, 8-сынып оқушысы Маратқызы Ақжан химиядан ІІІ орын иеленді. Пән мұғалімдері Калыбаева Айнаш, Тунгышбаева Гульмира.       Шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін!
IQanat Республикалық байқауы
20
апрель
2022
IQanat Республикалық байқауы
Мектеп оқушыларына олардың таланттарын ашуға және лайықты білім алу мүмкіндіктерін табуға көмектесу мақсатында ұйымдастырылған IQanat Республикалық байқауының облыстық ІІ кезеңіне мектебіміздің 8-сынып оқушылары Маратқызы Ақжан мен Тілеулес Мирас қатысып, 1 оқушымыз Маратқызы Ақжан Республикалық ІІІ кезеңге жолдама алды. Оқушымызға сәттілік тілей отырып, жеңіспен оралады деген сенім білдіреміз.  
«Үздік сынып жетекші - 2022»  байқауы
10
апрель
2022
«Үздік сынып жетекші - 2022» байқауы
      8 сәуір  күні Балқаш аудандық білім бөлімі аудан  мектептері  арасында  «Үздік сынып жетекші - 2022»  байқауын өткізді. Бұл байқауға қатысқан мектебіміздің 9 сынып жетекшісі Барлыбекова Алмагүл Қалиқызы 1-ші орын иеленді. Құттықтаймыз! Шығармашылық жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.