"Қыздар тәрбиесінің дәстүрлі құндылықтары мен сабақтастығы" » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Қыздар тәрбиесінің дәстүрлі құндылықтары мен сабақтастығы"
29
январь
2022

"Қыздар тәрбиесінің дәстүрлі құндылықтары мен сабақтастығы"

    Балқаш аудандық  емханасының акушеркасы Әскерғалиқызы Аружан мен Балқаш аудандық жастар ресурстар орталығының басшысы Рақыбайқызы Гулнур мен мектеп Психологі Г.Раханованың қатысумен, 7-10 сынып қыздары арасында "Қыздар тәрбиесінің дәстүрлі құндылықтары мен сабақтастығы" атты қыздар жиналысы болып өтті.
    «Қыз, әйел, ана» қасиетті ұғымдар,өйткені олар өмірдің ұрпақ өрбітетін бастау бұлағы. «Қыз өрісің,ұл қонысың» деп білген қазақ өрісін кеңейтетін қыз балаға айрықша көңіл бөлгені жөнінде айтылды. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды дәстүрге сүйеніп, уақыт талабына сай тәрбиелеу ата ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті екені ескертілді. Қазақ халқы қыз деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жинақылықтың үлгісі деп танығандықтан,  бар әдемілікті “қыздың жиған жүгіндей”  деп бағалаймыз.