"Қазақтан шыққан үш ғарышкер" сынып сағаты » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2022

"Қазақтан шыққан үш ғарышкер" сынып сағаты

      Бүгін, 12 сәуір –  ғарышкерлер күні. Бұл күн адамзат баласының ғарыш әлеміне жол салған күні. Ең алғаш Юрий Гагарин 1961 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Восток-1» атты ғарыш кемесімен жердің орбитасын айналып ұшқан болатын. Кеңістіктегі бұл шолу 108 минутқа созылған.
  Осы атаулы күнге орай мектебімізде сынып сағаттары өткізілді. Атап айтсақ, 7 сынып оқушыларына "Қазақтан шыққан үш ғарышкер" сынып сағаттары өткізілді. Танымдық сабақтар барысында қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов туралы кең көлемді мәліметтер берілді. Сондай-ақ 60 жылдан бері қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан Қазақстандағы «Байқоңыр» ғарыш айлағы жайлы ақпараттар айтылды. 
      Ғарыш әлемі – жаңа заманның саласы. Сондықтан оқушыларды ғылымдағы ең озық салаға баулу бүгінгі күннің міндеті.