"Кім жүйрік, кім мықты" » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
июнь
2022

"Кім жүйрік, кім мықты"

Бүгін Ақкөлдің жазғы лагерінің 1-кезеңінде апталық бағыт жоспары бойынша "Кім жүйрік, кім мықты"тақырыбында эстафеталық жарыс болып өтті. 
Жарыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дамыту , төзімділікке, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу
Міндеті: Оқушыларға эстафеталық спорттық жарыстарды үйрету, ұлттық ойындарды ойнату, төзімді, батыл, епті, жүйрік болуға, жылдам қимылдауға, спортты сүюге тәрбиелеу
Мазмұны: Бүгінгі күннің тақырыбы мен мақсатын түсіндіргеннен кейін оқушыларды екі топқа бөліп, "Кім жүйрік", "Кім епті" тақырыбында эстафеталық жарыс өткізілді. Әр топтың аты мен ұраны бойынша өткен жарыста "Сұңқар" тобы эстафеталық жарыстар бірінші келсе, ал ұлттық "Арқан тартыс" ойынында ата-аналармен біріге отырып "Барыс" тобы жеңіске жетті. Ойын қызықты болып, тәрбиешілермен бірігіп футбол ойындарын да ойнады. Оқушылар үйіне көтеріңкі көңіл күймен қайтты.