25-қазан Республика күніне орай мектепішілік оқушылар мен ұстаздар, ауыл жастары арасында волейболдан жарыс өтті. » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 25-қазан Республика күніне орай мектепішілік оқушылар мен ұстаздар, ауыл жастары арасында волейболдан жарыс өтті.
26
октябрь
2023

25-қазан Республика күніне орай мектепішілік оқушылар мен ұстаздар, ауыл жастары арасында волейболдан жарыс өтті.

Мектебіміздің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 25-қазан Республика күніне орай мектепішілік оқушылар мен ұстаздар, ауыл жастары арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа барлығы ұлдардан екі команда,  қыздардан төрт команда қатысты. Атап айтар болсақ: Мектеп оқушылары (ұлдар,  қыздар), Ардагер ұстаздар (ұлдар, қыздар), Жас педагогтер (қыздар), Ауыл жастары (қыздар) командалары қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша ер балалардан  І орын Оқушы ұлдар, ІІ орын Ардагер ұстаздар иеленді . Қыздар командасы бойынша І орын Ардагер ұстаздар, ІІ орын Оқушы қыздар,  ІІІ орын Ауыл жастары иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша  командалар арнайы кубоктармен және марапаттау қағазымен, жеке ойыншылар "Үздік шабуылшы", "Ардагер ойыншы"  номинацияларымен марапатталды