Мектеп психологының мақсаты мен міндеттері » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мектеп психологының мақсаты мен міндеттері
27
август
2021

Мектеп психологының мақсаты мен міндеттері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 16 қыркүйектегі

№472

Бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына 2-қосымша


Психологиялық қызметтің мақсаты Жаңартылған білім беру аясында дәстүрлі және қашықтықтан оқытуда ата-аналардың, педагогикалық ұжымның, білім алушылардың креативті, функционалды сауатты, шығармашыл, бәсекелестік сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыра отырып білім беру әлеуметін көтеру, психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік  - психологиялық жағдай жасау және қолдау көрсету.


Міндеті:

1) Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;


2) Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуы жағдайында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;


3) Білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;


4) Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;


5) Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;


6) Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;


7) Білім беру үдерісі қатысушыларының психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін көтеру.