ANTIKOR » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
июнь
2021

ANTIKOR

      Құрметті Асхат Қанатұлы! Бүгінгі тікелей эфирдегі сұхбатыңызды көре отырып, ұстаздар қауымының көкейіндегі бірнеше сұрақтарға нақты жауаптарды алдық. Сізге білім саласындағы үлкен еңбегіңіз үшін мектеп ұжымының атынан АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ! Сіз кәсіби білім дағдыларын терең меңгерген, өз іс тәжірибеңізде инновациялық тәсілдерді ұтымды қолдана білетін маман иесі сіз. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолындағы игілікті іс шараларға белсенді араласып, өз қызметіңізбен тынымсыз еңбек үлгісін және шығармашылық жұмыс нәтижесін көрсеттіңіз. Еліміздегі төтенше жағдай кезінде де белсенділік танытып, үздіксіз ізденіс пен жаңашылдықты, терең білім мен кәсіби шеберлікті бір арнаға тоғыстыра отырып, сапалы жұмысты ұйымдастыра білдіңіз. Адамгершілік қасиетіңізді бәрінен биік қойып, өз ісіңізге деген жауапкершілігіңіздің жоғары екендігін таныта отырып , білім беру ісін дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да қайрат -жігеріңіз бен іс жүзіндегі тәжірибеңізді еліміздің игілігіне аянбай жұмсай беретініңізге сенім білдіреміз. Заман талаптарына жауап беретін жаңа жетістіктерге жетелеудегі іскерлігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз үшін Сізге шексіз алғыс білдіреміз! Сізге деген ізгі ниетпен "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақкөл орта мектебі МДШО" МКМ-нің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Еселбай Айна Серікбайқызы.