Ақпарат » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Ақпарат

     Бүгінгі Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында айтылған міндеттерді орындап, айқын мақсаттарды жүзеге асыру әрқайсымызға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Білім мазмұнын жаңарту бойынша жасалып жатқан реформаларға қолдау көрсетіп, өзгерістердің оң нәтиже беретініне сенім білдіруіміз керек.
      Еліміз үшін айтарлықтай маңызды мәселелердің қатарында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму мәселесі тұр. Президент өркениетті әлем жұртшылық зер салып, айналысып жатқан бұл мәселеден біздің шет қалмауымызға болмайтынын жеткізді. Біз бұл мәселені шешуге мектеп жобалары шеңберінде экологиялық науқандар жүргізу арқылы үлес қосатын боламыз. Президент жолдауында айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды болып табылатынын ескеріп, мемлекет басшысының Жолдауына бірауыздан қолдау білдіреміз. Президентіміздің игі бастамалары мен идеяларын қолдаймыз және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосамыз.