Оқу-әдістемелік жұмысының есебі » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
декабрь
2021

Оқу-әдістемелік жұмысының есебі

«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық  мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы  «Әдістемелік, жаңашылдық жұмыс» жоспары бойынша   жүргізген   жұмыстарға талдау

Қазақстан Республикасында  білім беруді  дамытудың   2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында  жалпы білім беретін мектептерде  Қазақстан   Республикасының зияткерлік , дене   бітімі және рухани  дамыған азаматын қалыптастыру, еліміздің экономикалық әл – ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыта отырып, жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік  жауапкершілікті, Отансүйгіштік сезімді,  жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсаты  қойылған. 

            Осы мемлекеттік  бағдарламаны іске асыру мақсатында біздің  мектеп  2021-2022 оқу жылында І жарты жылдық бойынша біраз ауқымды шаралар атқарылып, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.

Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ену, түрлі тәжірибелерден өткен білім саласының тиімді технологияларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу, мұғалім кадрлардың біліктілігін арттыру –бүгінгі заманның басты талабы. Сондықтан мұғалім көп ізденіп, жаңа технология элементтерін, тиімді тәсілдерін пайдалана отырып білім беруі керек. Оқушыларға қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістерді түсіндіріп қана қоймай, оларды өмірге белсене араластырып, әлемдік өркениетпен сусындатуды көздеу мектептің мақсаттарының бірі.      

2021-2022оқу жылындағы  мектеп  ұжымының   өзектi мәселесi:

Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру, оқыту үрдісі мен басқарудағы жаңашыл әдіс-тәсілдің тиімділігін пайдалану

       Мақсаты:   Оқу - тәрбие үрдісінде инновациялық  әдіс-тәсілдерді  тиімді пайдалану арқылы  жеке тұлғаның дамуына  қолайлы жағдай туғызу, оқушыларға сапалы білім бере отырып,  отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттері:

- білім берудің мазмұнын жаңарту;

- мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;

- оқыту мен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу;

- оқушының жеке қасиеттерін аша білу, дарынды балалармен жұмыс жасау жүйесін дамыту;

- оқушының өз бетімен ізденуіне, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға үйрету, көңіл бөлу;

- адамгершілік пен салауатты өмір салты негізінде білім беру;

- мұғалімдердің озық жұмыстарын баспасөз беттерінде жариялау және кітапшалар шығару;

- ұлттық, азаматтық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру;

- онлайн жүйесінде сабақ жүргізу; желілік қоғамдастықтың жұмысын жандандыру

- ресурстық орталық мектептерінің бірыңғай режимін орнату;

- оқушының белгілі бір кәсіп түріне деген қызығушылығын қалыптастыру

- мектеп мұғалімдері мен оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту;

- КИО.

           2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша  мектепте  4 әдістемелік пән бірлестігі жұмыс жасауда. Олар: бастауыш сынып бірлестігі, жетекшісі Орынбетова Мереке, жаратылыстану пән бірлестігі (тарих, география, құқық, математика, информатика, физика) – жетекшісі Темірбекова Жазира, қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестігі (қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі), жетекшісі Байболатова Алтынкул және «Өнер» бірлестігі (дене тәрбиесі, еңбек, музыка, сурет) жетекшісі Несіпбаева Сабира. Әдістемелік бірлестікті бірлестік мүшелерінің келісімімен тәжірибелі ұстаздар тарапынан таңдалған бірлестік жетекшісі басқарды. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы жылдық жоспар негізінде іске асырылды. Жоспар әдістемелік бірлестіктің бірлестік жетекшілерімен бірлесе отырып құрылды, әдістемелік бірлестіктің отырысында қарастырылды, директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісіліп, мектеп директорымен бекітілді. Әдістемелік бірлестіктің отырысы тоқсанда кемінде бір рет өткізілді. Отырыстың мерзімі, өтілу орны туралы бірлестік жетекшісі дер кезінде директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына хабарлап отырды. Қаралып отырған әр мәселе бойынша ұсыныс қабылданып, ол хаттама журналына жазылды. Ұсыныстар әдістемелік төрағасының қолымен бекітілді. Әр бірлестік жетекшілері оқу жылына жоспар жасап, жыл бойы жұмыс атқарып келді. Жоспарларына мектепішілік тексеру, ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, педагогикалық оқулар, білім стандартының орындалуы, апталықтар, жеке оқушылармен жұмыс жүргізу енгізіліп,  жүргізілді.

Мұғалімдердің барлығы жоғары білімді. Мұғалімдердің педагогикалық өтілдері 0-3 жыл аралығында – 0 мұғалім,  3-8 жыл аралығында – 6 мұғалім,  9-16 жыл аралығында – 7 мұғалім,  17-20 жыл аралығында – 2 мұғалім, 20 жылдан жоғары – 12 мұғалім. Мектеп мұғалімдерінің   аттестатталуы бойынша,   жоғары санатты –3,  бірінші санатты –2,  екінші санатты-1, санатсыз – 5 мұғалім бар. Сонымен қатар аттестаттаудың жаңа ережесі бойынша 4-мұғалім педагог-зерттеуші, 5 мұғалім педагог-сарапшы, 7 мұғалім педагог-модераторға өтті.

Мектеп мұғалімдері  өз білімдерін жетілдіру мақсатында  жоспарлы түрде курстан өтіп отырды. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша  100% мұғалім «Қашықтықтан оқытуды үйренемін»  білім жетілдіру кусынан  өтті.    

«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек»- деп   елбасы   Н.Ә.Назарбаев  айтқан білім беру қызметіне жетуде мұғалімдердің озат тәжірибелерін зерттеп, жинақтау мен тарату  жұмыстары үлкен орын алды.  

Осы оқу жылында да мұғалімдеріміз республикалық, облыстық, аудандық  ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысып, іс тәжірибелерімен бөлісуде.              Мектеп мұғалімдерінің ашық сабақтар, баяндамалары, аудандық әдістемелік семинарларда жүргізген үлгілі сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстары  республикалық газет-журналдарға, аудандық, облыстық, республикалық,  халықаралық жинақтарға  жарияланып отырады.  Ол төмендегі кестеде берілген:

Аты-жөні

Пәні

Баспасы

1

Аманкулова Жұлдыз 

Бастауыш

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында қысқа мерзімді сабақ жоспары» Өрлеу,  мұғалімдердің іс-тәжірибелер жинағы

2

Қалқанбаева Назира

Бастауыш

«Ұстаз тілегі»  Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында материал жариялау,  Республикалық «Өрлеу» порталы онлайн еңбегін жариялау, 

3

Құрмантаева Гүлжан

тарих

Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама»  жинағы

4

Нағашбаева Нүрила турлыбекқызы

Бастауыш

Республикалық  авторлық бағдарлама  «Алтын бесік» 


       Сонымен қатар, пән мұғалімдері  республикалық интернет байқауларға, ҰИО-ға қатысып, оқушылары дәрежелі дипломдармен, пән мұғалімдері арнайы сертификаттармен  марапатталды.

Мұғалімдердің жетістіктері:

Аты-жөні

Қатысқан олимпиаданың (байқаудың) атауы

орны

Грамотаның нөмері


Қалқанбаева Назира

«Ұстаз тілегі»  Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы

Республикалық «Бастауыш сынып» Блиц-турнирі

І-дәрежелі диплом

№ 0053877

«Ұстаз тілегі»  Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында материал жариялау

Сертификат

№ MS-191155

«Ұстаз тілегі»  Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы

Алғыс хат

№ ZH 00154384


«Daryn.online» білім беру платформасы мен Qaztest.kz     сайты ұйымдастырған

 І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олипмиадасы

ІІІ-дәрежелі диплом

№20-17146

Республикалық «Өрлеу» порталы онлайн еңбегін жариялау

Сертификат

№ 9091

«Ұстаз тілегі»  Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы Республикалық

«Ең үздік ғылыми жоба» байқауы

Алғыс хат

№С-0009926

2

Темірбекова Жазира

Блиц-турнир

Сертификат

№ 9092

Олимпиада

Диплом

№С-0009936

Республикалық «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» блиц турнирі

Сертификат

№Т-0060213

І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасы

ІІІ дәрежелі диплом

№20-02015

3

Еселбай Айна Серікбайқызы

«Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми-әдістемелік жрналының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың-Ұлы Абайы» атты тақырыпта балалар өнер байқауы

Диплом

-

Республикалық «Ғұмырдария» ән-би, жыр балалр мен жасөспірімдер байқауы

Алғыс хат

-

«Ұстаз тілегі»  Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы

Республикалық «Бастауыш сынып» Блиц-турнирі

І-дәрежелі диплом

№ Т-0080934

ҚР педагогтарының кәсіби шеберлігін шыңдау, біліктілігін дамыту олимпиада «Пән олимпиадасының Үздік Педагогы-2020»

Диплом

-

«Ұлы дала ұрпағы» Республикалық  ән байқауы

Диплом

№ 19-010

ІV Республикалық «Ақжелең»  балалар шығармашылық  байқауы 

Диплом

№ 20-051


«Daryn.online» білім беру платформасы мен Qaztest.kz     сайты ұйымдастырған

 І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олипмиадасы

Алғыс хат

№20-17146

ІV Республикалық «Ақжелең»  балалар шығармашылық  байқауы 

Құрмет грамотасы

№ 20-280

ІV Республикалық «Ақжелең»  балалар шығармашылық  байқауы 

Сертификат

№ 20-280



ІV Республикалық «Ақжелең»  балалар шығармашылық  байқауы 

«Үздік Ұстаз» төсбелгі

№ 20-280


Курстан өткен мұғалімдер туралы мәлімет  төмендегі кестеде берілген:

Аты жөні

Пәні

Тақырыбы



1

Сарсенбаева Камила Аманбаевна

Физика

«Шағын жинақталған мектептерде біріктірілген- комплектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі» бойынша


2


Асылбекова Рауия 

Информатика

«Шағын жинақталған мектептерде біріктірілген- комплектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі» бойынша


3

Қожахметова Құралай Қожанбеқызы 

Бастауыш сынып пәндері

«Шағын жинақталған мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру»  бойынша.


4

Сыздықбаева Шамшия Курманбековна

Орыс тілі мен әдебиеті

«Оқулықтағы өзгерістер»


5

Еселбай Айна Серікбайқызы

Бастауыш сынып пәндері

«Кәсіптік білім беру негіздеріндегі тәрбие орынбасарларының рөлі»



      Қыркүйек айында Тілдер мерекесіне орай «Ана тілі- жүрек үні» атты он күндік апталық ұйымдастырылды. Апталықтың әр күні мектебімізде мерекелік іс- шаралармен толықты. Елбасы Н.Ә Назарбаев «Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздың қолында» -деп құрметпен сенім білдірген еді. Осы жолда білім беріп жатқан ұстаздардың атқарар ісі қомақты. Кемел келешектің кілті де өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. 

        Алға қойған мақсат міндеттерді оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы жеке тұлғаның дамуына жол ашады. Бірлестік мүшелері алға қойған өзекті мәселелерді іске асыра отырып, аянбай еңбек етуде. Сондай-ақ ұтаздарымыз оқу үрдісінде жаңа технологияларды өз тәжірибелерінде қолданып, кеңінен таралуына ықпал етуде.

«Бұлақ көрсең көзін аш» деген халық даналығын басшылыққа ала отырып, ұстаздарымыз оқушы бойындағы ерекше қасиеттерің жетілдіріп, шығармашылыққа баулып әр түрлі жарыстар мен байқауларда жоғары көрсеткіштер көрсетуде. Атап айтқанда: «Ақбота», «Кенгуру» марафондары т.б.

    Ұлттық бірыңғай тест оқушы білімінің негізгі нәтижесі және мектептің білім сапасының көрсеткіші болып саналады. Биылғы оқу жылында жаңа форматта ҰБТ дайындау мақсатында 11-сынып оқушыларынан 4 рет тест алынды. Әр тесттен кейін пәндердің сапасына талдау жасалып, жіберілген кемшіліктер бірлестік отырысында талқыланды. 

I-жарты жылдық бойынша барлық пәндерден тест жұмыстары алынып, зертханалық жұмыстар бағдарлама негізінде уақытылы жүргізіліп отырды. Күнтізбелік жоспар бойынша тақырыптар толық меңгертілді, сондықтан оқушылар жоғары сапа көрсетті деп ойлаймын. Оқушылардың теориялық білімін кеңейту мақсатында оқушылармен жекелей және деңгейлік тапсырмалар жүргізілді. Оқушылар физика кабинетіндегі интерактивті тақтаны пайдалана отырып, электронды оқулықтармен, интерактивті тапсырмалармен жұмыстар атқарды. 

Сонымен қатар, өз білімдерін сынап көру мақсатында 10-сынып оқушысы Көшімбек Құндыз   математика пәнінен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Қасымов Құлжабай атындағы физика және математика пәндері бойынша қалалық олимпиадаға қатысып,  сертификатпен марапатталды. 

          Мұғалімдердің бүгінгі күні оқыту үрдісінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден дер кезінде хабардар болып отыруы - сапалы білім берудің кепілі. Сондықтан да мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру курстарынан уақытылы өтіп отыруы - мектептегі әдістемелік қызметтің маңызды саласы. 

Қоғамымыздағы түбегейлі өзгерістер әрқайсысымыздың белсенділігімізді арттырып, ой-өріс пен санадағы өрлеуге жаңа жол ашып отыр. Әрине, рухани жаңару өзінен-өзі жүзеге аспайды, ол үшін жаңа толқын жастар бойына ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіріп, ғылым мен білімге баулу қажет. Сондықтан да бірлестік мұғалімдерінің басты міндеті болып табылатын дарынды оқушылармен жұмыс та өз нәтижесін көрсетті. 

         Заман талабына сай білім беру үшін, мұғалімнің өзі де ұдайы білімін жетілдіруі қажет. Біздің бірлестік мұғалімдері де өз білімдерін үнемі жетілдіру үстінде. Оқушылар қазіргі заман талабына сай білімді де, білгір болуы үшін тек оқыту ғана емес, сонымен қатар бағыт-бағдар беріп отыру бүгінгі күннің бұлжымас талабы. 

Мектеп психологі Г.Раханова ата-аналармен тығыз байланыста. 

1.«Мен қандай ата-анамын» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды және мектепішілік ата-аналар тренингіне қатыстырылды.

2. « Менің ұсынысым» тақырыбында сауалнамалар алынып отырды.

3. «Ардақтаймыз сіздерді» тақырыбында тоқсан сайын белсенділік көрсеткен ата-аналарға ынталандырулар, мадақтаулар беріліп отырды.

Ашық сынып сағаттарын өткізу бойынша:

Санитарлық талаптарды сақтай отырып мектепішілік әр сынып бойынша жеке жеке сынып кабинеттеірінде   «Күз мерекесі», «Қыс қызықтары» сайысы, «Жаңа жыл шыршасы» сияқтя сынып сағаттары мен  «Жол жүруді білейік, аман-есен жүрейік», «От пен су-қатер» тақырыптарында  қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылды.

Ашық тәрбие сағатын өткізу бойыншасанитарлық талаптарды сақтай отырып мектепішілік әр сынып бойынша жеке- жеке сынып кабинеттеірінде 30- қараша күні  сыныптарда тұңғыш президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағаты өткізіліп, оқушылар еліміздің тұңғыш Президенті күніне тақпақтар айтып, әндер шырқады. 

Оспан Бауыржан Ақанұлы   Көркем еңбек пәнінен Қыркүйек айында өткен бірлестік отырысында «Инновациялық технологияларды пайдалану жолдары» атты баяндама оқып бірлестік мүшелері арасында талданды.

Несіпбаева Сабира бірлестік отырысында «Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы» атты тақырыпта   коучинг өткізді. Қазан айында 6-сыныпқа «Мата тоқу түрлері» атты тақырыбында АКТ-ны пайдалана отырып   үлгілі сабақ өткізді.          

Қыстаубаев Данияр Сембекұлы Қыркүйек айында «Денсаулық күніне» мектепішілік эстафеталық жарыс ұйымдастырды. Қыркүйек айында 5-сыныптарға «Футбол» атты  және қараша айында «Жеңіл атлетика» тақырыбында үлгілі сабақ өткізді. 

2021-2022 оқу жылының І жарты жылдық бойынша  жүргізілген жұмыстарды  қорытындылай келе,  Балқаш аудандық білім бөлімінің «Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі  ұжымы 2021-2022 оқу жылының  І жарты жылдық бойынша  жүргізген жұмыстарына  ұсыныстар:


Ұсыныстар:

  1. 2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығында бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісіне баса назар аударылсын.
  2. Оқу тәрбие үрдісінде «Оқушы үні»мен «Ата-ана үні»   ескерілсін.
  3. Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы, сабаққа қатысуын жандандырылсын.
  4. Озат тәжірибе алмасу, желілік қоғамдастықпен жұмыс жасау жандандырылсын.


Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары              А.С.Еселбай