1 - МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ! » Аққөл орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 93-2-10
Есепші бөлімі: +7(72773) 95-0-11
+7(72773) 93-2-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 - МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ!
01
июнь
2022

1 - МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ!

      Барша ата-аналарды, бүлдіршіндерді бүгінгі жарқын мерекемен құттықтаймыз! 
Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекенің балалар  үшін де, мемлекет үшін де маңызы зор. Бала – байлық, ең қымбат қазына, ұрпақтың жалғасы, еліміздің ертеңі. 
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы, 2022  жылды «Балалар жылы» деп жариялады. 
Бүгінгі күні мектепте  бастауыш сынып оқушыларына  арналған мектеп жанынандағы жазғы сауықтыру  “Балдәурен" лагерінің ашылу салтанаты да атап өтілді.
Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шақтарын қамтамасыз ету біздің жалпыұлттық міндетіміз.
Тұғыры биік тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі, бүгінгі балалардың білімді  ұрпақ болуларын тілейміз.